Қасым-Жомарт Тоқаев: Кезектен тыс президент сайлауы өте маңызды әрі қажетті қадам

1185

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Кезектен тыс президент сайлауы өте маңызды әрі қажетті қадам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялап, кезектен тыс президент сайлауы 9 маусым күнінене белгілегенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-министрмен кеңестім. Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу