Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидисті Тәуелсіздік сарайында қарсы алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 маусым күні өтетін келіссөздер барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға басымдық беретін екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды.
Н.Христодулидистің Қазақстанға ресми сапары аясында мәдениет, спорт және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған екіжақты құжаттарға қол қою көзделіп отыр.