Қасым-Жомарт Тоқаев "Көк-Жайлау" құрылысын тоқтатты

2009

Іле-Алатауы ұлттық паркінің аумағындағы тау-шаңғы кешенінде көптеген нысан салу жоспарланған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Көк-Жайлау" құрылысын тоқтатты

Мемлекет басшысы Іле-Алатауы ұлттық паркінің аумағында тау-шаңғы кешенін салуға тыйым салды. 

"Қайтадан осы мәселеге оралмау үшін нүкте қойғым келеді. Мен "Көк-Жайлауды" салуға тыйым саламын. Ол бізге керек емес! Мен қарсымын. Бұл туралы танымал экологтар да айтуда", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте. 

Іле-Алатауы ұлттық паркінің аумағындағы тау-шаңғы кешенінде 50 километрден асатын шаңғы трассасы, аспалы жолдар, қонақ үйлер, мейрамханалар сынды көптеген нысанды салу жоспарланған болатын. Алайда аталған кешен құрылысына көптеген эколог пен үкіметтік емес ұйым өкілдері қарсы шықты. Олардың пікірінше, тау-шаңғы курортын салу Алматы мен "Көк-Жайдау" экологиясына кері әсер етеді. 

Естеріңізге сала кетсек, сәуір айында Қасым-Жомарт Тоқаев "Көк-Жайлау" құрылысын шегеру туралы шешім қабылдаған болатын. 

"Алматы қаласы əкімі Бауыржан Байбек сарапшылардың бағалауы мен қала тұрғындарының пікірін зерттеп, зерделеу үшін "Көк Жайлау" тау-шаңғы курортының жобасын кейінге шегеруді ұсынды. Менің ұсынысым бойынша қабылданған бұл шешімді қолдаймын. Мұндай маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайды", – деп жазған еді Мемлекет басшысы өзінің twitter желісіндегі парақшасында. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу