Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске жүгінді

2053

Мемлекет басшысы ҚР Конституциясы 41-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініш жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске жүгінді

2019 жылғы 23 сәуірде ҚР Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады. Бұл туралы Конституциялық Кеңестің баспасөз қызметі хабарлады.

"Өтініш беруші Республика Президенттігіне кандидаттарға қойылатын Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұру туралы талабының мазмұнын ашуды, сондай-ақ Қазақстанның шетелдік мекемелерінде және Республика мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарда жұмысы кезеңінде азаматтың елден тыс жерде тұрған уақытын аталған мерзімге есептеу мәселесін түсіндіруді сұрайды", – делінген хабарламада.    

Қазір "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу