Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президентіне көңіл айтты

1113

Оңтүстік Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннің анасы Каң Хан Ок ханым қайтыс болды.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президенті Мун Чже Инге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннің анасы Каң Хан Ок ханымның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Ардақты анаңыз Каң Хан Ок ханымның дүниеден озғаны туралы суыт хабарға орай, Сізге және жақындарыңызға көңіл айтып, орны толмас қайғыңызға ортақтасамын. Каң Хан Ок ханымның жарқын бейнесі мен ізгілікті істері туған-туыстарының, сондай-ақ көптеген отандастарының жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу