Қасым-Жомарт Тоқаев "Қорғас" халықаралық сауда орталығында Бірлескен азық-түлік хабын құруды ұсынды

569

Қазақста жыл сайын 5 миллион тоннадан астам бидай мен 1,5 миллион тонна ұн экспорттайды.  

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қорғас" халықаралық сауда орталығында Бірлескен азық-түлік хабын құруды ұсынды Фото: КазТаг

Біз мемлекеттеріміздің аграрлық әлеуетін тиімді пайдалануымыз керек. Сонда елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін айтарлықтай нығайтамыз. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші "Орталық Азия – Қытай" саммитінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ауыл шаруашылығы саласындағы ықпалдастықты дамыту керек. Қазір жаһандық азық-түлік нарығы жиі құбылып тұр. Сондықтан біз осы саладағы ынтымақтастықты нығайта түскеніміз жөн. Қазақстан агроөнеркәсіп өнімдерінің экспортын арттыруға және оның түрін көбейтуге мүдделі. Еліміз бидай және ұн өндіретін әлемдегі ең ірі он елдің қатарына кіреді. Жыл сайын 5 миллион тоннадан астам бидай мен 1,5 миллион тонна ұн экспорттаймыз. Шаруаларымыз сыртқа шығарылатын дәнді және майлы дақылдардың көлемін арттыруға дайын. Олар экологиялық жағынан таза әрі жоғары сұрыпты ет пен органикалық өнімдерді де көптеп жеткізе алады", деді ҚР Президенті.

Алайда еліміз бау-бақша өнімдері мен азық-түлік тауарларын тұрақты сатып алуға мүдделі екенін мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу