Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшыдағы ауыз су мәселесін шұғыл шешуді тапсырды

1900

Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәселенің бір апта ішінде шешілетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшыдағы ауыз су мәселесін шұғыл шешуді тапсырды

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшыдағы су ауыз су мәселесін шұғыл шешуді тапсырды. Бұл туралы Тwitter-дегі парақшасында жазды.

"Үкімет пен Ақмола облысының әкіміне Қосшы аулының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін тез арада шешуді тапсырдым. Бұл – тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін жүйелі инфрақұрылымдық проблема", – деп жазды Мемлекет басшысы.

Айта кетсек, Қосшы аулының тұрғындары ауыз суға зәру болып отыр. Жағдайдың мән-жайы туралы төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер кеше елордада өткен баспасөз мәслихатында айтқан болатын. Оның сөзінше, ауылдағы су жинақтайтын екі қондырғының бірінің ұңғымаларын су басып, істемей қалған. Сондықтан, қысымның төмендігінен айдалған су көпқабатты үйлердің жоғарғы қабаттарына жетпей қалады.  

"Қазір ауыз су ұңғымаларын басып кеткен судың деңгейі бір метрдей болып тұр. Бір аптаның ішінде су тартылады. Сол кезде ұңғымаларды іске қосып, Қосшыдағы ауыз су мәселесін шешеміз", – дейді Владимир Беккер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу