Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін мектептің мәселесін шешуді тапсырды.
"Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс",– деп жазды мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісінде.
Айта кетсек, БАҚ-та бұған дейін ата-аналардың Қостанайдағы жалғыз мектептің мүшкіл жағдайына шағымданғаны, оның жабылу алдында екендігі хабарланған еді. Балалар сынып жетпегендіктен орыс мектебіне баруға мәжбүр екен. №24А бастауыш гимназиясын жауып, ғимаратын балабақшаға беру туралы да сөз болған.