Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралау барысында күмбездің тарихи келбетін сақтай отырып жүргізілген жаңарту жұмыстарының нәтижелерімен танысты. Атап айтқанда, кесененің желдеткіш қабаттары реттеліп, күмбез етегіндегі сегіз қырлы қосындыға гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағындағы тарихи орындар қайта қалпына келтіріліп, кесене алдына туристер демалатын қалың бау-бақшалы алаңқай салынған.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы бүгін жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды.