Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің хоккейден 10-шы мерейтойлық кубогының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аталған спорт додасы 7-11 тамыз аралығында "Барыс Арена" мұз айдыны сарайында өтеді.
Салтанатты ашылу рәсімінен кейін Мемлекет басшысы "Барыс" және "Ак Барс" клубтары арасындағы ойынды тамашалады.
Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі – 2010 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін жыл сайынғы маусым алдындағы шайбалы хоккей турнирі. Биылғы турнирге елордалық "Барыс" командасы мен қазандық "Ак Барстан" бөлек Ресей Федерациясынан – "Автомобилист" (Екатеринбург), "Нефтехимик" (Нижнекамск) және "Салават Юлаев" (Уфа) клубтары қатысуда.