Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейттің жаңа Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

661

Мемлекет басшысы шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың аса жауапты қызметіне мол табыс, ал достас Кувейт халқына құт-береке тіледі.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейттің жаңа Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт мемлекетінің Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың аса жауапты лауазымға тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда

"Сізді таққа отырғызу туралы шешімді Кувейттің өркендеуіне және мүддесін қамтамасыз етуге ұзақ жылдан бері сіңіріп келе жатқан риясыз қызметіңізге әулетіңіз бен отандастарыңыздың берген жоғары бағасы әрі еліңіздің игілігі жолындағы болашақ жеңістеріңізге деген нық сенімінің айғағы деп білемін. Қазіргі таңда Кувейт – іргесі берік, экономикасы әлеуетті, халқының әл-ауқаты жылдан жылға артып отырған ел, сондай-ақ оның халықаралық қауымдастықтағы мерейі де үстем. Осы ретте, Сіздің басшылығыңызбен Кувейт Мемлекетінің дамуы баянды болып, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін", – делінген жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Кувейт халықтарының игілігі үшін екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара қолдауға негізделген әртүрлі саладағы ынтымақтастықты өрістетуге, бірлесе күш-жігер жұмсауға дайын екенін растады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу