Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жоғары технологиялармен танымал Шэньчжэн қаласында болды

1030

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жоғары технологиялармен танымал Шэньчжэн қаласында болды

Қытайда ресми сапармен жүрген Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан парламенттік делегация Гуандун провинциясында орналасқан ірі индустриялық, технологиялық, қаржы және көлік орталығы саналатын Шэньчжэнь қаласында болды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Шэньчжэньде сенаторлар бірқатар индустриялық нысандарды аралады, олардың ішінде қытайдың ірі "Huawei" телекоммуникация компаниясы, автомобиль жасайтын "BYD" және монорельсті "Skyrail" трамвай желісі корпорациясы бар. Бұл нысандар кездейсоқ таңдалған жоқ – Қазақстан осылай жоғары технологиялар, телекоммуникациялар және қазіргі замандағы көлік құралдары саласы бойынша ынтымақтастыққа ықылас танытып отыр.

Түстен кейін қазақстандық парламентшілер Шэньчжэнь университетінде болды. Университет ректоры Ли Чинчуанмен әңгіме барысында екіжақты, оның ішінде инновациялар мен жоғары технологиялар саласындағы ғылыми байланыстарды дамыту, ғалымдар мен студенттерді алмасуды ұлғайту мүмкіндіктері қаралды. Ли Чинчуан Қытай мен Қазақстан халықтары арасындағы достық пен әріптестікті дамытуда Сенат төрағасының зор үлесіне тоқталып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шэньчжэнь университетінің Құрметті профессоры атағын берді.

Сенаторлар сапар барысында "Миниатюра Қытай" паркі мен этнографиялық ауылмен танысуды да жоспарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу