Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айында Қырғызстанға барады

1791

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мамырға жоспарланған Қырғызстанға сапары қос ел арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына қосымша серпін береді. Бұл туралы Жогорку Кенештің спикері Талант Мамытов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz  порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айында Қырғызстанға барады

"Биыл жоғары деңгейдегі көптеген екіжақты іс-шара жоспарланған. Оның ішінде негізгісінің бірі – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы мамырда Қырғызстанға сапары болып саналады. Бұл сапар екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретініне сенімдімін", – деді Талант Мамытов Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесу барысында.
       

Қырғызстан парламенті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жогорку Кенештің спикері Алматыда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясының (ТМД ПАА) 30 жылдық мерейтойлық отырысы аясында қазақстандық әріптесімен кездескен.

Кездесу барысында қос ел арасындағы саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту, парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Талант Мамытовтың айтуынша, Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының көлемі былтыр 1 млрд долларға жеткен, өзара саудадағы өсім – шамамен 35%. 
      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу