Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Ахметжановқа бірқатар тапсырма берді

1225

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады  

Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Ахметжановқа бірқатар тапсырма берді

Президентке Агенттіктің 2021 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері мен тексеріліп жатқан қылмыстық істер туралы баяндалды.

Марат Ахметжанов Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жоспарын таныстырды. 

Қазір Парламентте заңсыз байығаны үшін жауапкершілік енгізу және сыбайлас жемқорлықты әшкерелеушілерді қорғау жүйесін қалыптастыру мәселелеріне қатысты заң жобасы қарастырылып жатыр. Бұл норма мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен шығыстарын бақылауға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлықпен күрес тұжырымдамасын жүзеге асыруға барлық мемлекеттік орган тартылатыны туралы мәлімет берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты қабылданып жатқан шаралардың толық атқарылуы бойынша әр ведомствода жауапты адамдар бекітіледі.

Мемлекет басшысы тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін ұсынылған тәсілдерді қолдап, Агенттіктің осы бағыттағы үйлестіруші рөлін күшейтуді тапсырды. Президент бұл жұмысты ерекше бақылауға алды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға, қылмыс тәсілдерін әшкерелеуге және жемқорларды жауапкершілікке тартуға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу