"Мәскеу сапарын табысты болды деп бағалаймын" деп жазды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.
"Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен келіссөз жүргіздім. Қазақстан-Ресей арасындағы жан-жақты ықпалдастықтың қазіргі жағдайы мен келешек перспективаларын талқылап, күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмастық. Кездесу қорытындысы бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді", – деді мемлекет басшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу