Президент пен Виктор Орбан екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікке оң баға берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ең алдымен энергетика, қаржы және инвестиция салаларындағы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді тиімді іске асыруға баса назар аударылды.
Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыру үшін бірлескен жұмысты жалғастырудың маңызына ден қойылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан қазіргі жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықты күшейтуге бейіл екендерін растады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу