Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

1005

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

"Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады", – деп жазды Презденттің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 12 қазанда АӨСШК Сыртқы істер министрлері кеңесінің 6-отырысына қатысу үшін елімізге келген Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовты қабылдаған болатын.

Осы жүздесу барысында Рашид Мередов Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің Қазақстан Президентін өз еліне мемлекеттік сапармен келуге шақыруын табыс етті.

Өз кезегінде Қазақстан Президенті шақыртуды қабыл алатынын, барлық саладағы қазақ-түрікмен ынтымақтастығына тың серпін беру мақсатында жуық арада Ашхабадқа сапармен баратынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу