Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барды

784

Оны Сооронбай Жээнбеков "Манас" халықаралық әуежайынан күтіп алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барды. Оны Бішкектегі "Манас" халықаралық әуежайынан Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков қарсы алды, деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

"Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған. Сондай-ақ екі елдің көшбасшылары баспасөз үшін бірлескен мәлімдеме жасайды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен бірлесіп "Ата-бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешені мен Шыңғыс Айтматовтың мұражай-үйіне барады",– делінген хабарламада.

Ал ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу