Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президентімен кездесті

757

Молдова президенті Игорь Додон Қасым-Жомарт Тоқаевты өз еліне ресми сапармен келуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президентімен кездесті

Көшбасшылар саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екіжақты қатынастардың құқықтық-шарттық базасын кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы достық қарым-қатынастардың оң динамикасын атап өтіп, одан әрі нығайтуға дайын екендерін мәлімдеді. Атап айтқанда, тараптар экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті. Молдова президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Молдоваға ресми сапармен келуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу