Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің жалақысын ұлғайтуды тапсырды

2243

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің жалақысын ұлғайтуды тапсырды

Алдағы 4 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысы 2 есеге өседі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Тамыз конференциясында үкіметке осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Педагог жүктемесін қысқартатын, кәсібіне сай емес қызметтерге тартуға тыйым салатын шектеу қою, шектен тыс есептілік пен негізсіз тексерулерді шектеу дербес қаралады. Мұғалімдердің еңбекақысы базалық лауазымдық жалақы арқылы есептеледі. Сол себепті елдегі 500 мың педагог айлығының елеулі мөлшерде өскенін сезіне алмай отыр. Мұны тура айту керек", – деген Мемлекет басшысы ұстаздардың қазіргі еңбекақысына көңілі толмайтынын жеткізді.

"Мұғалімдердің еңбекақысы ең төменгі айлықтардың бірі болып тұр. Экономикадағы орташа еңбекақының 65 пайызын ғана құрайды. Әрине, мұнымен келіспейміз. Сондықтан үкіметке білім жүйесіне білікті мамандар тарту мақсатында және педагогтардың мәртебесін көтеру үшін мұғалімдердің еңбекақысын 4 жылдың ішінде 2 есеге арттыруды тапсырамын", – деді Президент.

Еске салсақ, Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында ағылшын тілін оқыту қай сыныптардан басталатынын айтты. 

Конференция барысында Мемлекет басшысы барлық педагогтардың еңбек демалысы 56 күн болатынын мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу