Осы орайда, inbusiness.kz сайты тарихи тұлға туралы деректерді назарға ұсынады.
Мартин Лютер Кинг 1929 жылы Атлантада дүниеге келген. Оның ата-анасы пастор болған.
Ол ересек кезінде азаматтық құқықтар үшін афроамерикалық қозғалысты басқарып, нәсілдік кемсітушілікке қатысты заңдардың күшін жойды.
Кинг тарихтағы ең белді ораторлардың бірі саналды. Оның әйгілі "Менің арманым бар" сөзі қара және ақ нәсілді адамдар тең құқыққа ие болатын келешекке бағытталған.
Мартин Лютер Кингтің бастамасынан кейін, яғни 1964 жылы АҚШ билігі азаматтық құқықтар туралы заң қабылдады. Онда қоғамдық орындарда бөлінуге тыйым салынды. Ал 1965 жылы қабылданған дауыс беру құқығы туралы заң афроамерикалықтардың өзге нәсілдермен тең дәрежеде екенін түпкілікті айқындап берді. 1964 жылы Мартин Лютер Кинг Нобель сыйлығын алды.
Құрылтайда сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Мартин Лютер Кингтің дәл осы атақты сөзін мысалға ала отырып, өзінің арманы туралы айтып, Президент кітапханасын ашу жөнінде бастама көтерді.