Президент Мысыр Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

820

Мемлекет басшысы Каир қаласында болған лаңкестік әрекеттердің салдарынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

Президент Мысыр Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Мысыр астанасы Каир қаласында болған лаңкестік әрекеттердің салдарынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

"Қазақстан Мысырмен бірлесіп, елдеріміздің бейбіт өмірін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын екенін атап өтемін", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Есек сала кетсек, 4 тамыз күні Мысыр астанасы Каир қаласында жарылыс болып, салдарынан кемінде 20 адам қайтыс болған еді. Сондай-ақ, 47-сі түрлі деңгейде жарақат алған.

Оқиға шаһардағы медициналық орталықтардың бірінде болған. Al Jazeera агенттігі жергілікті биліктің лаңкестік әрекетті "Хасм" тобынан көріп отырғанын жазады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу