Қасым-Жомарт Тоқаев New Generation School Astana ғимаратына барды

94

Елорда нысандарын аралау барысында Мемлекет басшысы Нұра ауданында орналасқан NGS Astana жеке меншік білім беру мекемесінің жұмысымен танысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев New Generation School Astana ғимаратына барды Фото: Ақорда

1320 оқушыға есептелген мектеп жаратылыстану-математика және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттарында білім береді. Әсіресе, математика мен ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.

Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қажетті барлық жағдай жасалған. Оқушылар үш мезгіл тамақтандырылады. Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға қолайлы орта қарастырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп құрылысының бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары аясында бой көтергені жөнінде баяндалды. Қаржының 40 пайызын "Даму" қоры кредит ретінде бөлген.

Президент оқу кабинеттерін, кітапхананы, спорт залын аралап көрді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу