"Сізге артылған сенім – қоғамдағы тұрақтылықты, бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, Арменияның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясатыңыздың кең қолдау тапқанының айқын көрінісі", – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне, сондай-ақ, Қазақстанмен арадағы екіжақты және көпжақты қатынастарды кеңейтіп, тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Арменияның Премьер-Министріне зор денсаулық пен мол табыс, достас армян халқына игіліктер мен өркендеу тіледі.
Никол Пашинян парламенттік көпшіліктің ұсынуымен Армения Премьер-Министрі болып тағайындалғанын бұған дейін жазған болатынбыз.