Қасым-Жомарт Тоқаев: Ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе

624

Мемлекет басшысы өзін үміткер ретінде қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында сөз сөйледі, деп жазады inbusiness.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе

 "Біз жаңа саяси дәуірге қадам бастық. 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл – болашақ даму бағдарымызды айқындайтын аса маңызды науқан. Түрлі қоғамдық ұйымдары маған өздерінің атынан сайлауға түсу туралы ұсыныс білдірді. Мен бұған дейін Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыдан бейтарап болу қажеттігін айттым. Осы ұстанымым өзгермейді. Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік", деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент барлығына сенім артқаны үшін ризашылығын білдірді. Бұдан бөлек коалицияда барлық әлеуметтік топтың қамтылғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу