Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Үндістан" саммитіне қатысады

933

"Орталық Азия – Үндістан" саммиті алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Үндістан" саммитіне қатысады

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы хабарлады.

"27 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған "Орталық Азия – Үндістан" атты саммитке қатысады. Жиынға Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди бастамашы болды. Іс-шара онлайн форматта өтеді.
Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды. Жиын қорытындысы бойынша "Орталық Азия – Үндістан" атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданады деп күтілуде", – деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу