Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті

516

Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті Фото: aqorda.kz

Сондай-ақ екі ел арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқынды дамып келе жатқаны және түрлі саладағы  ынтымақтастықтың кеңейе түскені атап өтілді.

Екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін тағы да растады.

Әңгімелесу соңында Премьер-Министр Шахбаз Шариф Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Пәкістанға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ресми сапармен келуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу