Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айтты

1738

Бүгін таңертең Пәкістанда Карачиден Равалпиндиге бара жатқан жүрдек пойыз өртенді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда жолаушылар пойызында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан Сізге және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Сондай-ақ жантүршігерлік оқиға кезінде зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Соңғы мәліметтер бойынша 73 жолаушы мерт болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу