Қасым-Жомарт Тоқаев Пан Ги Мунмен кездесті

728

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына жасаған мемлекеттік сапарын Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының төрағасы, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесумен түйіндеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Пан Ги Мунмен кездесті

Тараптар жаһандық климаттың өзгеруі, экономиканы көміртегінен ада ету, "жасыл технологияларды" енгізу мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер мен заманауй сын-қатерлер туралы пікір алмасты.

Пандемияға қарсы күресті күшейтуге және Ауған мәселесін реттеудің перспективаларына ерекше назар аударылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу