Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сергей Лавров не туралы сөйлесті

773

Қазақстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесіне (АӨСШК) мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомство басшыларының алтыншы кеңесіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сергей Лавров не туралы сөйлесті

Кездесу аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, атап айтқанда сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар талқыланды.

Сонымен қатар өңірлік күн тәртібі, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бағытындағы халықаралық күшті жұмылдыру мәселелері сөз болды. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапынан осы елге көрсетіліп отырған гуманитарлық көмек шаралары туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы қауіпсіздік, жанжалдардың алдын алу және бейбітшілікті қолдау мәселелерін шешу бағытындағы ұжымдық тәсілдерді пысықтауда кеңестің жұмысын ілгерілетудегі Ресейдің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу