Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Президенттер келіссөздер процесін екі ел үкіметтерінің басшылығы деңгейінде жандандыруға уағдаласты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады. Өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу