Қасым-Жомарт Тоқаев полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады

1993

Бүгін елімізде қос кәсіби мереке – Полиция күні мен Мемлекеттік қызметкерлер күні аталып өтуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

"Барлық полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Сіздердің жұмыстарыңыз қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға байланысты, сол себепті халық сіздерге үміт артады. Жұмыстарыңызға табыс және береке тілеймін",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі микроблогында.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілерді де төл мерекесімен құттықтап өтті.

"Азаматтардың өмір сүру сапасы мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысына байланысты. Қазақстанның игілігі жолындағы жауапты жұмыста табыс тілеймін",– деп жазды ол twitter-дегі парақшасына.

Айта кетсек, бүгін елімізде екі кәсіби мереке – Полиция күні мен Мемлекеттік қызметкерлер күні аталып өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу