Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Бүгінде Польша саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуда, халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуде зор жетістіктерге жетті. Осы тұста еліңіздің әлемдегі мәртебесі одан әрі асқақтап, халқыңыздың ырыс-берекесі еселене беруіне тілектестігімді білдіремін. Біз Польшаны Қазақстанның Еуропадағы жақын серіктесі деп білеміз және достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарымызды тереңдетуге ерекше мән береміз", – деп жазылған жеделхатта.
Польша өз тәуелсіздігін 1918 жылы 1 қарашада алды. Қазақстан бұл елмен дипломатиялық қатынасты 1992 жылы орнатты.