Статистика комитеті Презиент құратын жаңа агенттік құрамына енетін болды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевз Қазақстан халқына кезекті жолдауындай айтты.
"Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі. Бұл саладағы реформа жүйелі жүруі керек. Мемлекетті басқару мен кадрлық саясаттың, шешім қабылдау және оны орындау жүйесінің тәсілін өзгертеміз. Пандемия мен дағдарыс жағдайында қолданыстағы мемлекеттік басқару жүйесі бар шамасынша жұмыс істеуде. Жедел міндеттерді шешу уақыт пен қаржы шығындайды. Бірақ алыс келешекті ұмытуға мүлде болмайды. Сондықтан стратегиялақ жоспарлау және реформалар жөніндегі Президентке тікелей бағынатын агенттік құру қажет. Мұндай орган бұрын да болған және өзіне жүктелген міндетті сәтті орындаған. Енді ол барлық мемлекеттік басқару жүйесінің орталық буынына айналады. Агенттік әзірлеген реформалар нақты, шынайы, ең бастысы, барлық мемлекеттік органдар орындайтындай болуы керек. Рефомалар жөніндегі Жоғары президенттік кеңес құрылады. Оның шешімі ақырғы шеім болуға тиіс. Жылдам өзгеріп жатқан ахуалды жылдам бағамдау үшін Сатитистка комитеті осы агенттіктің құрамына ауыстырылады. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде басты жоспарлаушы да, орындаушыда, бағалаушы да мемлекетті аппарат болып тұр. Бұл дұрыс емес. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі барлық адам ресурстарын жұмылдырып, жеке сектор мен қоғамды жоспарлаудың, орындаудың, бағалаудың барлық сатысына серіктес ретінде тартуы керек", – деді Президент халыққа жолдауында.
Есжан Ботақара