Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес отырысын өткізді

1223

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің үшінші отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

 Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес отырысын өткізді

Іс-шараның күнтәртібіне Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейін дамытудың ұлттық жоспарын, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін, 2030 жылға дейін мемлекеттік бсқаруды дамыту тұжырымдамасын, 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарын әзірлеу, сонымен қатар шұғыл реформалар топтамасы мен халықтың ұлттық санағын өткізу мәселелері кірді.

Отырыста Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов, Стратегиялық жоспарлау және ревормалар жөніндегі агенттік төрағасы Қайрат Келімбетов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова баяндама жасады.

Кеңес мүшелерінің баяндамалары мен коментарийлерін тыңдаған Мемлекет басшысы күнтәртібіндегі мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталып, оларды жүзеге асырға қатысты нақты көзқарасын білдірді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу