Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

204

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Дағыстанда болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Владимир Путинге және Ресей халқына көңіл айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті Фото: aqorda.kz

Президент бейбіт тұрғындардың өміріне жасалған кез келген қастандық пен зұлымдық әрекетті Қазақстан батыл айыптайтынын әрі оны халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке төнген зор қауіп ретінде қарастыратынын жеткізді.

Тараптар терроризм мен экстремизмге қарсы күресте тығыз ықпалдастықты жалғастыру, беделді халықаралық ұйымдар аясында күш-жігер біріктіру маңызды екеніне назар аударды.

Бұдан бөлек, президенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты, Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу