Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Мәскеудегі Шереметьево әуежайында болған қайғылы жағдайға байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдадым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасамын", – деп жазды ел Президенті Twitter-де.
Еске сала кетсек, Шереметьево әуежайында ұшақ отқа оранып, салдарынан 78 жолаушының 41-і қаза болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу