Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде Назарбаев мектебінің филиалын ашуды ұсынды

1302

Қазақстан Президенті өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға ұшып келді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде Назарбаев мектебінің филиалын ашуды ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің мәдени-гуманитарлық саласдағы ынтымақтастығының маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың да маңызы зор. Бұл ретте келешегі әлеуетті салалардың қатарына спорттық білім, спорттық медицина, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу, әуесқой және кәсіби спорт түрлерін дамыту жұмыстарын атап өтуге болады. Осыған байланысты спорт саласындағы бірлескен үш жылдық бағдарламаны әзірлеуді ұсынамыз",  деді Президент.

Мемлекет басшысы сонымен қатар, ғылым саласындағы ынтымақтастықтың да болашағы жарқын екеніне сенім білдірді.

"Әсіресе, фундаменталды ғылымдағы серіктестікті нығайту керек. Қазақстанның астанасында Бауман атындағы университет базасында физика-математикалық мектеп ашу бастамасын қолдаймыз. Сонымен бірге, Ресейдің шекаралас өңірлерінің біріне Назарбаев Зияткерлік мектебінің филиалын ашуға да болады. Ол мектепте білім беру деңгейі өте жоғары әрі жетекші елдердің стандарттарына сай келеді", – деді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу