Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге барды

1262

Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы лауазымындағы алғашқы сапары.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге барды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Қазақстан  Президенті  "Российская газета" басылымына берген сұхбатында бүгінде қазақстандық-ресейлік қарым-қатынас мемлекетаралық байланыстардың эталоны ретінде қызмет ете алатындығын айтқан болатын.

Мемлекет басшысы  сапары аясында РФ Президенті  Владимир Путинмен  келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ өзекті аймақтық және халықаралық тақырыптар талқыға түспек. 

Сапар қорытындысында бірқатар екіжақты құжатқа  қол қойылатындығы жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу