Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

471

Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты Фото: aqorda.kz

Шара "Ақорда" резиденциясының алдында өтті.

Мемлекет басшысы Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.

Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды.

Еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу