Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды пікірсайысқа қатыспайды

1008

Барлық үгіт-насихат жұмыстарын қазіргі президенттің қоғамдық штабы мен сенімді өкілдері атқарады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды пікірсайысқа қатыспайды  Фото: Серікжан Қобыланбаев

Қазақстан  Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды пікірсайысқа қатыспайды, деп мәлімдеді мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Карин.  

"Президент сайлау рәсімі басталған кезде-ақ үгіт-насихат жұмысына өзінің қатысуын барынша шектеген болатын. Барлық үгіт-насихат жұмыстарын қазіргі Президенттің қоғамдық штабы мен сенімді өкілдері атқарады", – деді мемлекет басшысының кеңесшісі. 

Сонымен қатар ол Президенттің басқа үміткерлер БАҚ-қа тең қол жеткізіп қана қоймай, сайлау мүмкіндіктеріне барынша ие болуға тиіс деп есептейтінін айтты. 

Ерлан Кариннің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай үлкен бұқаралық шараларға қатысудан бас тартқан, бірақ  өзінің қоғамдық штабына дебатқа қатысуға тапсырма берген. 

Еске салар болсақ, Қазақстан президенттігіне үміткерлердің пікірсайысы 29 мамыр күні сағат 18:00-де "Хабар" телеарнасында тікелей эфирде болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу