Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке барады

660

28 желтоқсанда Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барады.    

Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке барады

Жаңа жыл қарсаңында мұндай форматтағы кездесулер дәстүрге айналған. Шара барысында Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың нәтижелері, көпжақты өзара іс-қимылды дамыту және Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру перспективалары талқыланады деп күтілуде.

Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарау жоспарлануда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу