Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Сапар барысында Президент "Ұлы ақын Абай ұлдарымен" ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың "Жиделі-Бөрлі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көреді. Сонымен қатар "Қарағайлы" ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысады", – деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасында.
Берік Уәлидің сөзінше, Президент сондай-ақ ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, "Абай әлемі" сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездеспек. Ал сапар соңында Жидебайға барып, "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінің тыныс-тіршілігімен танысады.