Қасым-Жомарт Тоқаев: "Сергек" жол полициясындағы алаған қолдарды табыстан қақты

1298

Президент деректер базасын әрі қарай интеграциялауды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Сергек" жол полициясындағы алаған қолдарды табыстан қақты Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технологияларды жемқорлықпен күрестің тиімді қаруы ретінде атады. 

"Деректер базасын әр қарай интеграциялау мәселесіне айрықша көңіл бөлу қажет. Бізде әлі күнге дейін бір ведомствоның қарсы уәжіне екінші мемлекеттік органнан анықтама әкелту тәжірибесі бар.  Цифрландыру осындай анахронизмдерді жоюы керек", – деген Президент "Сергектің" ішкі істер саласын реформалауға қосқан үлесіне тоқталды. 

"Ашық бюджеттің интерактивті картасы 7 триллион теңгенің (2019-2020 жылдар ішінде)  қалай жұмсалғанын көпшіліктің ашық көруін қамтамасыз етті. "Сергек" ілгері технологиялар заңбұзушылықтарды тіркеуде мемлекетке қандай пайда әкелетінін көрсетіп берді. Сонымен бірге ол жол полициясындағы алаған қолдарды жемқорлық табыстан қақты. Барлық мемлекеттік органдарға, бірінші кезекте әкімдіктерге осы тәжірибені басшылыққа алу керек. Мұндай цифрлық технологиялар адам факторын тыйып, жемқорлыққа жол ашатын жайттарды жояды", – деді ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу