Мемлекеттер басшылары коронавирус пандемиясының таралу жағдайын талқылап, осы індетке қарсы күреске байланысты қабылданған шаралар туралы ақпарат алмасты.
Шавкат Мирзиёев қазақстандық әріптесінің дер кезінде қабылдаған шұғыл шешімдері мен нәтижелі іс-қимылдарын қолдайтынын айтты.
Президенттер жоғары деңгейде ықпалдастық орнату және екі ел Үкіметтерінің жұмыстарын үйлестіру жайын да келісті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бірлескен жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы туралы ортақ пікір айтылды.