banner

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

1448

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президенттер екі ел ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Мемлекет басшысы Өзбекстанмен көпжақты байланыстарды кеңейтуге мүдделілік танытты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу