Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО әкіміне оңалту орталығындағы мәселені шешуді тапсырды

891

Қажетті жағдай жасалмаған тар ғимаратта орналасқан оңалту орталығы бір уақытта 35 бала ғана қабылдай алады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО әкіміне оңалту орталығындағы мәселені шешуді тапсырды

Полигонның салдарынан түрлі дертке шалдыққан азаматтарды тиісті деңгейде емдеумен қатар, оларға оңалту қызметін көрсету мүмкіндіктерін де қарастыру қажет. Семей жұртшылығымен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Семей жерінің ұзақ жылдар бойы ядролық сынақтың тауқыметін тартқан өңір екеніне тоқталып, полигон зұлматы 500 мың адамның өмірі мен тағдырына тікелей зиянын тигізгенін айтты.

Бұл ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев полигон зардабын тартқан азаматтарға жасалатын жеңілдік лайықты деңгейде болуы қажет екеніне баса мән беріп, қазір "Семей полигонындағы ядролық сынақтың тауқыметін тартқан тұрғындарды қорғау және оңалтуға арналған бұған дейінгі шаралардың тиімділігі" жөнінде арнайы зерттеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Семейде және осы өңірге қарасты ауылдарда 1300-ден астам мүмкіндігі шектеулі бала бар. Қажетті жағдай жасалмаған тар ғимаратта орналасқан оңалту орталығы бір уақытта 35 бала ғана қабылдай алады. Бұл – шындық. Мұндай жағдай мүлде сын көтермейді. Облыс әкіміне мәселені дереу қолға алып, тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын", – деді Қазақстан Президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу