Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын Семей қаласынан бастады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Сапар аясында Мемлекет басшысы Семей және Өскемен қалаларындағы бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралап көруі жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-мәдени бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, облыстың жұртшылық өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен және жастармен жүздеседі",– делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу