Қасым-Жомарт Тоқаев ШОБ өкілдеріне жеңілдетілген несие беруді тапсырды

1727

Бас банк қаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев ШОБ өкілдеріне жеңілдетілген несие беруді тапсырды

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы хабарлады.

"Коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіп иелерінің айналым капиталы үшін 8% мөлшерлеме бойынша 1 жыл мерзімге 600 млрд тг сомаға жеңілдетілген несие беруді тапсырамын",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында.

Президент Ұлттық банкке қарыз алушыға қаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуды жүктеді.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді. Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуіне жауап береді",– дейді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу