Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығына барды

1206

"Shymkent city" жаңа ауданының макетін, әуежайдың жаңа терминалын көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары барысында Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығын аралап, "Shymkent city" жаңа ауданының макетін, әуежайдың жаңа терминалын көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Ескі қалашық", Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру және "Тұран" шағын ауданының инженерлік инфрақұрылымын салу жобаларымен танысты.

Айта кетсек, 20,5 гектар аумақты қамтитын әкімшілік-іскерлік орталық заманауи инфрақұрылымымен, өмір сүруге және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасалғандығымен ерекшеленеді, сондай-ақ қала құрылысы мен сәулетінің қазіргі стандарттарына сай келеді. Қаланың жаңа ауданында жалпы аумағы 201,2 мың шаршы метрді қамтитын 2 990 пәтері бар 47 үй салу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу